«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ хабарлайды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» тестілеу жүргізіледі.

Тестілеуге өтініштер айына бір рет, әр айдың соңғы дүйсенбісі, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, 721 кабинет мекен-жай бойынша қабылданады:.

Тестілеу айына бір рет, айдың соңғы сәрсенбісінде өткізіледі.

Анықтама телефондары: 55 68 55, 55 68 57, 55 67 56.