WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2019 V Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты

2019 жылдың 11 мен 15 қараша аралығында «WorldSkills Kazakhstan 2019» – V Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты өткізілді. Ұйымдастырушылар: ҚР БҒМ және «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ.

«WorldSkills Kazakhstan 2019» V Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионатының мақсаты – жас кадрларды экономиканың өндірістік секторына тартуға және елдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ықпал ету.

Мұндай Чемпионаттар білікті кадрларды даярлауда жаңа идеялар мен трендтер жасауға және кәсіби білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. WorldSkills қозғалысы халықаралық деңгейдегі жаңа маманды қалыптастыруға маңызды рөл атқарады.

Еліміздің 17 аймағынан 400-ден астам жас маман (22 жасқа дейінгі) WorldSkills-тің 38 құзыреттілігі (мамандықтары) бойынша өз мамандығының үздігі атану үшін Чемпионатқа қатысты.

Конкурсқа қатысушыларды 500-ге жуық сарапшы бағалады.

Қатысушыларының жас санаты – 18 -22 жас аралығындағы жастар: колледждер мен ЖОО студенттері, сондай-ақ кәсіпорындардың жас қызметкерлері.

Нұр-Сұлтан қаласынан 29 қатысушы және 26 сарапшылардан құралған команда 26 құзыреттілік («Мехатроника», «CAD инженерлік графикасы», «Кірпіш қалау», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Бизнеске арналған IT шешімдер», «Графикалық дизайн», «Ұялы робототехника», «Веб дизайн және әзірлеу», «Шатыр жұмыстары», «Қонақ үйді басқару», «Сантехника және жылыту», «Плиткамен қаптау», «Сырлау және сәндік жұмыстары», «Дәнекерлеу технологиясы», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Кузовты жөндеу», «Кондитерлік ісі», «Аспаз ісі», «Наубайхана ісі», «Сән технологиясы», «Медициналық және әлеуметтік күтім», «Мектепке дейінгі оқыту», «Электромонтаж жұмыстары», Сандық бағдарламалық басқару бар станоктар токарлық жұмыстары», «Шаштараз өнері», «Желілік және жүйелік басқару») бойынша қатысты.

V Республикалық Чемпионат қорытындысы бойынша қатысушыларымен 9 жүлделі орындар анықталды, оның ішінде 4 алтын медаль келесі құзіреттіліктер бойынша:

1. «Графикалық дизайн» – Политехникалық колледж студенті Зинчикова Екатерина;

2. «Шатыр жұмыстары» – Политехникалық колледж студенттері Мовесян Дэвид, Богатырев Тимур;

3. «Желілік және жүйелік басқару» – «Компьютерлік академия «Шаг» ЖШС қатысушысы Ассатулла Диас;

4. «Шаштараз өнері» – «Сәнқұмар» ЖШС Tamsanbeauty Академиясының қатысушысы Тойшибаева Айгерим.

5 күміс медаль келесі құзіреттіліктер бойынша:

1. «Мехатроника» – Политехникалық колледж студенттері Ерман Рамазан, Гусак Ян;

2. «Веб дизайн және әзірлеу» – Политехникалық колледж студенті Аманбаев Алдияр.

3 қола медаль құзіреттіліктер бойынша:

1. «Бизнеске арналған IT шешімдер» – Политехникалық колледж студенті Айдарханов Даир;

2. «Сантехника және жылыту» – Құрылыс-техникалық колледжі студенті Рауиулы Кудайберген;

3. «Сән технологиясы» – Казақ технология және бизнес университеті колледжінің студенті Болатова Аруна.

Жастарды кәсіби бағдарлау мақсатында Чемпионатқа мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, мемлекеттік органдар өкілдері, шетелдік және қазақстандық әріптестер, кәсіпорындар қызметкерлері мен еліміздің барлық аймақтарының кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының педагогтері,сондай-ақ басқа да мүдделі тараптар қатысты.

Анықтама: Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі: (2019 жылғы 11 қараша, сағат 17.00) «Қазақстан» орталық концерт залында Мәңгілік Ел даңғылы 10/1 мекен-жайы бойынша өтті.

Чемпионаттың конкурстық бөлігі: «Тәуелсіздік сарайы», Тәуелсіздік даңғылы 52 (2019 жылғы 12-14 қараша, сағат 9:00-18:00) мекен-жайы бойынша өтті.

Чемпионаттың салтанатты жабылу рәсімі: Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 57 (15 қараша 2019 жыл, сағат 18:00) мекен-жайы бойынша өтті.

WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2019 V Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионатының галереясы