‼ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ‼

Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары!
📍 Қазіргі ауа-райының жағдайын ескере отырып, сабақтар болмайтын жағдайда ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Білім басқармасының ресми дереккөздері арқылы таратылатынын еске саламыз.

‼ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ‼
Ата-аналарға ауа-райы туралы деректерді анықтау мақсатында интернет-қосымшалар мен басқа да расталмаған дереккөздерді пайдалану ҰСЫНЫЛМАЙДЫ.

📍 Ақпарат төмендегі дереккөздер арқылы таратылады:
1) Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қызметінен келіп түскен смс-хабарлама;
2) iKOMEK109 қалалық орталығы (109 нөміріне қоңырау соғу, немесе мобильді қосымша мен чаттарына тіркеліп, хабарлама алу);
3) Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ресми интернет-ресурсы (http://bilim.astana.kz);
4) Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ресми Facebook парақшасы (https://www.facebook.com/bilimastana/);
5) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы (http://astana.gov.kz/);
6) Smart Astana қосымшасы (мобильді қосымшасына тіркеліп, хабарлама алу).

‼ Құрметті ата-аналар !!
Егер сіздің сабақтарыңыз (факультатив пен қосымша сабақтар кірмейді) 13.00-де басталатын болса, онда бұл ЕКІНШІ АУЫСЫМ болып саналады.
➡Сабақтың болмауы жайлы мектеп тарапынан сізге алдын-ала хабарлама келеді (сағ. 11.30-дан 12.15 уақыт аралығында).