Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес

2019 жылдың 1 қарашасында №80 мектеп – гимназиясының базасында білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кездесуге білім беру ұйымдары басшыларының әкімшілік шаруашылық бөлімі (ӘШБ) бойынша орынбасарлары, «Нұр-Cұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті» ММ, «Нұр-Сұлтан қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» ММ, «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Нұр-Сұлтан қаласы «Жылу» МКК өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде білім беру объектілерінің өртке қарсы жағдайы, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау және өртке қарсы құрал-саймандардың жағдайы, Нұр-сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйғарымдарын орындау, 2019-2020 жж. жылыту маусымының өту мәселелері талқыланды.

Мектептерді жаңа оқу жылына қабылдау және білім беру объектілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу қорытындылары.

Баяндамаларымен өкілдері:

“Нұр-Cұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті”ММ.

“Нұр-Cұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті” ММ»,

“Нұр-Cұлтан қаласының Жылу” МКК.

Қызметкерлері қызмет көрсететін ұйымдар.

Кеңес қорытындысы бойынша тапсырылды:

– техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізуге, сондай-ақ өрт автоматикасы жүйесін жұмыс жағдайында ұстауға; өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспекторлар берген нұсқамаларды толық көлемде орындауға; қызметкерлер және персоналдармен өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқама және қауіпсіз эвакуациялау бойынша жаттығулар өткізуге; мекемелердің электр шаруашылығы жағдайына ерекше назар аударуға;

– күн сайын жылыту маусымының өтуіне және санитарлық нормаларға сәйкес температуралық тәртіптің сақталуына бақылау жүргізу;

– білім беру объектілерін техникалық тексеру нәтижелері бойынша ақауларды жою және техникалық тексеру бойынша жұмыстарды уақытында жүргізу;

– білім беру ұйымдарында уақытылы көмек көрсету, сондай-ақ күтпеген жағдайларды болдырмау мақсатында (инженерлік желілерде авариялар туындаған және шатырдың үзілуі, ғимарат конструкцияларының зақымдануы жағдайында) «Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы» ММ-не (мемлекеттік сатып алу және инфрақұрылымды дамыту бөлімі) хабарлансын.