«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ бос басшылық лауазымдарға конкурс жариялайды:

1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» МКҚК директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Теміржолшылар кенті, Ж. Жабаев көшесі, 14). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 107 244 теңгеден 119 809-ға дейін).

2. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Гуманитарлық колледжі» МКҚК директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, І.Жансүгірұлы көшесі, 4 үй). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 107 244 теңгеден 119 809-ға дейін).

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, білім беру ұйымындағы немесе оқу орнының бейініне сәйкес ұйымдарда басшы лауазымда еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды.

Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің кестесін, ішкі тәртіп ережесін бекітеді. Білім беру ұйымының басқару құрылымын, штаттық кестесін, қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді. Білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету ұйымдарының жұмыс істеу және олардың жұмысына бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.

Жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен жүргізілетін жұмысты үйлестіреді. Қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу-материалдық базаны толтыруды және оның есебі мен сақталуын, санитарлық-гигиеналық ережелер тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Материалдық-техникалық базаны қайта жарақтауды және қайта құруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Білім беру ұйымының оқыту қызметінің саласын дұрыс ұстау және кеңейту мақсатында инновациялық білім технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді.

Кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.

Үздіксіз кәсіптік оқыту жөнінде білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.

Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен (олардың орнын басушы адамдармен) жүргізілетін жұмысты үйлестіреді. Жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының мүддесін білдіреді.

Әлеуметтік серіктестік және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Уәкілетті органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады. Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын орындауды қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек етуге жағдай жасайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Салық Кодексін, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Мемлекеттік кәсіпорын туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық мәселелерін; құқық негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларын.

3. Астана қаласы әкімдігінің «№ 12 «Қарлығаш» балабақшасы» МКҚК меңгерушісі (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданы, Егемен Қазақстан Газеті көшесі, 10 ғимарат). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 95 776 теңгеден 107 067 -ге дейін).

Қазақ және орыс тілінде тәрбие беретін балабақша. Бағыты – инклюзивті. 1967 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты – 140 орындық.

4. Астана қаласы әкімдігінің «№ 49 «Алтынай» балабақшасы» МКҚК меңгерушісі (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Петрова көшесі, 3/1 үй). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 95 776 теңгеден 107 067 -ге дейін).

Қазақ тілінде тәрбие беретін балабақша. Бағыты – мектеп жасына дейінгі балаларға этноэкологиялық  тәрбие берудің маңызы. 2010 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты – 200 орындық.

5. Астана қаласы әкімдігінің «№ 93 «Айгөлек» балабақшасы» МКҚК меңгерушісі (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне) (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, К.Әзірбаев көшесі, 12/1). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты – 95 776 теңгеден 107 067 -ге дейін).

Қазақ және орыс тілінде тәрбие беретін балабақша. Бағыты – эстетикалық тәрбие беру. 2017 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты – 240 орындық.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілінің 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Лауазымдық міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.

Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. МДҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін,  қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

6. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы» КММ директоры (мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданы, С.Сейфуллин көшесі, 67). Лауазымдық айлықақысы атқарған еңбек өтіліне байланысты 107 244 теңгеден 119 809 -ге дейін).

1981 жылдан бастап жұмыс істейді, жобалық қуаты – 150 орын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметті ұйымдастырады. Білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен бірлестікте жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестесін, ішкі тәртіп ережелерін және басқа да нормативтік актілерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Ұйым қызметінің ағымды және келешегін жоспарлауды ұйымдастырады. Кәсіптік – еңбек, оқыту – танымдық, және шынықтыру – сауықтару бағыттарындағы компоненттерден тұратын кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеудің жекелеген бағдарламаларды әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттiк көмек пен қолдауды қажет ететiн балаларға жататын орын бере отырып өмip сүру, оқыту және тәрбиелеу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету арқылы білім беру бағдарламаларын игеруге, тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершілiк және салауатты өмiр сүру салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшiн жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту, азаматтық пен елжандылыққа, өз еліне – Қазақстан Республикасына сүйiспеншiлiкке, мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеуге, халық дәстүрлерiн қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көрiнiстерге төзбеуге, Қазақстан Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмiрiне қатысу қажеттiлiгiн, жеке адамның өз құқықтары мен мiндеттерiне саналы көзқарасын қалыптастыруда, әлемдiк және отандық мәдениеттiң жетiстiктерiне баурау, қазақ халқы мен басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрып дәстүрлерiн зерделеу, мемлекеттiк, орыс, шетел тiлдерiн білуге қолайлы жағдай жасайды. Тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды, медициналық психологиялық педагогикалық оңалтуды және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады.

Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.

Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мәртебесін растау бойынша тәрбиеленушілерді отбасына (қорғаншылыққа, патронатқа, асырап алуға, баланы қабылдайтын отбасына) тәрбиелеуге орналастыруды және беруді қамтамасыз ету арқылы, сондай-ақ тәрбиеленушілерді отбасында одан әрі бейімделуге психологиялық дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Өмірде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға және олардың ата – аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне осы жағдайдан шығу үшін жеке психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру жолымен әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетеді.

Білім беру ұйым тәрбиеленушілердің заңды өкілі болады. Тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және т.б.) қорғайды, туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдайлар жасау шараларын қабылдайды. Отбасына реинтеграциялау мақсатында тәрбиеленушілердің жақын туыстарын іздестіруді ұйымдастырады(биологиялық отбасымен қосылу).

Тәрбиеленушілердің қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің аясында жаза қолданады. Қоғаммен байланысты жүзеге асырады.

Білім беру ұйымын мемлекеттік және басқа ұйымдарға таныстырады, қажетті есептілік құжаттамаларды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Неке (ерлі-айыптылық) және отбасы туралы” Кодексін, Қазақстан Республикасының “Білім туралы“, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы“, “Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы“, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы“, “Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы“, “Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы“, “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы“, “Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы“, “Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы“, “Тұрғын үй қатынастары туралы“, “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржылық-шаруашылық қызметті, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді.

Конкурс ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы  13 шілдедегі № 338 «Педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» бұйрығы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012  жылғы 21 ақпандағы № 57 «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде өткізіледі.

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;

2) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

3) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы№ 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);

11) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

12) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

13) еркін нысанда жазылған өмірбаян.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.

Осы қағидалардың 12-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

2) мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;

3) қалалық білім беруді басқару органымен кандидаттарды келісу;

4) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы№ 57 бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» тестілеу жүргізіледі.

Шекті деңгейді жинамаған кандидаттар комиссияның шешімімен Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының жанындағы комиссия отырысына әңгімелесуге жіберілмейді.

Конкурстың өткізілу уақыты жоғарыда көрсетілген Ережелерге сәйкес белгіленеді.

Конкурстың өткізілу орны «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: индекс 010000, Нұр-Сұлтан қаласы,  Бейбітшілік көшесі, 11-үй, «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ № 722 А кабинет. Анықтама телефондары: 55 68 55, 55 68 57, 55 67 56.