Нұр Сұлтан қаласындағы гуманитарлық колледжді сенімгерлік басқаруға беру туралы МЖӘ келісіміне қол қойылды

2019 жылдың 19 тамызында «Нұр-Сұлтан» білім бөлімі мен Астана халықаралық университеті арасында «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Гуманитарлық колледжі» МКҚК сенімгерлік басқаруға беру» жобасы бойынша мемлекеттік-жекешілік серіктестік туралы келісімге қол қойылды.

Әріптестік Нұр Сұлтандағы гуманитарлық колледжінің мүліктік кешенін 5 жылға сенімгерлік басқаруға беруді көздейді. Сонымен қатар, жобаның нәтижесі 1000-нан астам қосымша орын ашу арқылы жоғары білім беру болады.