ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ (НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРІ)

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ Қамқоршылық кеңесті құрылатындығын және мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде оның құрамына ұсыныстар қабылданатынын хабарлайды. Қамқоршылық кеңес білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін құрылады.

Қамқоршылық кеңестің өкілеттігі:

1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;

4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;

6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді.

Шақырылатындар: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері; жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері; коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса); ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі; қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және онысайлау тәртібінің үлгілік қағидалары «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына сай іске асырылады.

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2019 жылғы 18 қазанға дейін (қаланың жалпы білім беретін мектептерінің кеңсесінде қабылданады).