Үздік педагогикалық әулеттерді марапаттау

Нұр – Сұлтан қаласының Білім басқармасы және білім қызметкерлерінің «Әділет» кәсіподақ ұйымымен бірлесіп Отбасы күнін, Еңбек күнін және Мұғалімдер күні мерекелері қарсаңында 2019 жылдың 30 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласының № 75 мектеп-гимназия базасында еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттар саны ең көп, үздік тәлімгерлер, ең белсенді жас мамандар номинацияларда марапаттады.

Ұстаздардың құрметіне шағын мерекелік концерт ұйымдастырылды, жеңімпаздар Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы басшысының атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Мұндай іс-шаралар отбасылық дәстүрлерді сақтауға және жетілдіруге, еңбектің беделін арттыруға, жұмысшы мұғалімдер әулеттерінің қызметіне қоғамның назарын аударуға мүмкіндік береді.