Педагогикалық әулеттерді марапатталау

Нұр – Сұлтан қаласының Білім басқармасы және білім қызметкерлерінің «Әділет» кәсіподақ ұйымымен бірлесіп Отбасы күнін, Еңбек күнін және Мұғалімдер күні мерекелері қарсаңында Еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттар саны ең көп әулеттерді, Жұмыс өтілі 20 жылдан астам, жас мамандарға іс тәжірибесін, үлгі-өнегесін үйретіп жүрген тәлімгерлерді, Ең белсенді және еңбекқор жас мамандарды марапаттау рәсімін өткізеді.

Марапаттау 2019 жылдың 30 қыркүйегінде сагат 16.00-де Нұр-Сұлтан қаласының №75 мектеп-гимназиясы негізінде өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты – жастарды еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу; еңбек дәстүрлерін сақтау және арттыру; еңбек адамдары туралы жағымды қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдай жасау болып табылады.