Елорда оқушыларының әмбебап картасы

Енді оқушылар бір ғана карта арқылы жолақысын төлеп, мектепке кіріп, асханада төлем жасай алады.
Картаның 2 бөлек шоты бар:
1. Мектеп асханасында тамақтану үшін BalaPay/FeebMe шоты
2. Жол ақысын төлеу үшін Astana LRT шоты
Бұл өте ыңғайлы, себебі сіз балаңыздың картасындағы теңгерімін әрдайым қашықтықтан бақылай аласыз.
Мектеп көлік картасын Қошқарбаев көшесі 50/1 мекен-жайы бойынша орналасқан орталық кассадан алуға болады.
Кассаның жұмыс кестесі: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.
Өзіңізбен бірге баланың туу туралы куәлігі, 3х4 фото, мектептен анықтама, ата-анасының жеке куәлігі болуы керек.
Назар аударыңыз! Егер сізде мектеп көлік картасы бар болса, жаңа
картаны алудың қажеті жоқ.
Мектеп асханасындағы төлем жүйесі бойынша ақпарат:
1. № 2, 3, 4, 10, 17, 21, 22, 24, 26, 30, 31, 32, 34, 35, 37, 38, 48, 49, 51, 52, 55, 56, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 65, 66, 67, 69, 72, 74, 79, 80, 82, 85 мектептері үшін BalaPay жүйесі http://balapay.kz/
Байланыс нөмірі: 87750070620 (BalaPay)
2. № 1, 5, 7, 9, 13, 14, 15, 18, 19, 20, 23, 25, 28, 29, 36, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 50, 53, 54, 58, 68, 70, 71, 73, 75, 76, 77, 78, 83, 84 мектептер үшін FeebMe жүйесі https://mektep.feebme.com/parents
Байланыс нөмірі: 87479150709 (FeebMe)