Конкурс ұйымдастырушысы: «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ
Өтініш Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының кеңсесі арқылы қабылданады.
Құжаттар 2019 жылғы 2 қазанға дейін қабылданады.
Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысу үшін білім беру ұйымы Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына төмендегі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;
2) “Рұқсаттар және хабарламалар туралы” 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес бекітілген нысан бойынша берілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияның көшірмесі;
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
4) жарғы көшірмесі;
5) екінші деңгейлі банктерден берілетін берешектерінің болмауы туралы анықтама (еркін нысанда);
6) “Жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша салық төлеушінің есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет.
Мемлекеттік тапсырыс беруден бас тарту мынадай себептерге байланысты болуы мүмкін:
1) тізімнің және (немесе) құжаттардың аяқталуына сәйкес құжаттардың толық емес пакетін табыс ету;
2) мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің (ақпараттардың) дұрыс белгіленбеу.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер конкурс ұйымдастырушысының кеңсесіне жіберіледі: «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» ММ 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, байланыс телефоны: 556756, 119 кабинет, 2019 жылдың 2 қазанның (қоса алғанда) сағат 17-00 ге дейін мерзімде.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына 12-қосымша |
Өтініш үлгісі
(орта білім беру ұйымының бланкісінде толтырылады)
Мемлекеттiк бiлiм беру ___________________________ |
Өтініш
Орта білім бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін________________________________________________________________
(орта білім мекемесінің аты)
көрсетілген қызметтерді жеткізушілердің тізбесіне енгізуді сұраймын.
Орта білім ұйымының
басшысы _________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Толтырылған күн
Мөр орны