«Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым» грантын беру қалалық конкурсы

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы 2019 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 484 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының колледждері арасында «Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым» грантын беру қалалық конкурсы өтетінін хабарлайды.

Конкурстың өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ғимараты (Бейбітшілік, 11), 7-ші қабат, 719 кабинет. Өтетін уақыты: сағат 10.00, 15.08.2019 ж.

Конкурс тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының кәсіби және жеке тұлғалық өсуін ынталандыру, елорданың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің даму үрдісін анықтау мақсатында өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттарды қарастыру Конкурстық комиссиямен жүзеге асырылады.

«Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым» конкурсына қатысу үшін өтініштер мен «Гранттар конкурсы» деген белгі тәртібі мен оның өлшемдері белгіленген Қағидаларының 11-тармағындағы өлшемдерге сәйкес (рейтингілік көрсеткіштер) тиісті материалдарды ағымдағы жылдың 9 тамызына дейін Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 119 кабинетке тапсыру қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін 55 68 66; 55 74 36 тел. нөмірлері бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасына хабарласуға болады.

15.07.2019 ж.