Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 Қаулысына сәйкес мектепке балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:
1) баланың заңды өкілдерінен өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (нотариуспен бекітілмеген);
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық паспорт);
4) тұратын жерінен анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа құжат;
5) 3×4 көлеміндегі фото — 2 дана.
4 тармақ бойынша Ескерту: тұратын жерінен анықтаманың орнына келесі құжаттардың бірі рұқсат етіледі: жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды туралы) 2 формадағы анықтамасы, немесе жалдау/сатып алу-сату келісімнің көшірмесі (нотариуспен бекітілмеген).
Сіз тіркелген мектепті анықтаудың жолы қандай?
Бірінші қадам – Сізге қатысты ауданды табу
Екінші қадам – тізімнен мекен-жайыңызды тауып, қай мектепке жататынын анықтау.