“Астана Дарыны” дарындылық пен психологиялық қолдауды дамыту орталығы

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» бағдарламасын іске асыру мақсатында 2006 жылы «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы құрылды.

Орталық қызметінің мәні Нұр-сұлтан қаласының дарынды балалары мен талантты жастарын анықтау және қолдау болып табылады.

Орталықтың барлық іс-шаралары жас дарындардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамытуға бағытталған.

Дарынды балалармен жұмыс жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Біздің оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалардағы жеңістері көңіл қуантарлық. Бұған оқушылар мен мұғалімдердің жүйелі дайындығы мен үздіксіз жұмысы ықпал етуде.

2020 жыл бойы «Астана дарыны» ДДжПС  80-нен астам іс-шара өткізді, оған 12 000-нан аса елордалық балалар қатысты.

Республикалық олимпиадалар мен конкурстарға 1518 оқушы қатысты, оның ішінде 808 жеңімпаз бен жүлдегер: 202 алтын, 257 күміс және 349 қола медаль. 

Елордалық білім беру мекемелерінің оқушылары халықаралық зияткерлік жарыстарда абыроймен өнер көрсетуде: елорданың 173 оқушысы Бразилияда, Иранда, Ресейде, Оңтүстік Кореяда және т.б. өткен халықаралық рейтингтік олимпиадалар мен ғылыми конкурстарға қатысты, нәтижесінде 87 медальға ие болды, оның ішінде: 13 алтын, 25 күміс, 49 қола медаль.

Жыл сайын астаналық білім беру құрама командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, «Үздік олимпиадалық команда» атанып келеді. Осындай жеңістің бәрі де – оқушылар мен олардың педагогтарының бірлескен жұмысының нәтижесі.

Бұл көрсеткіш Нұр-Сұлтан қаласы білім беру жұмысының нәтижелілігін, оқушылардың дарындылығын қалыптастыру мен дамытуға жүйелі көзқарасты, білім беру процесіне қатысушылар мәдениетінің жоғары деңгейін, ерекше көңіл бөлінетін қазіргі заманға сай  материалдық базамен жабдықталғанын айғақтайды.

Мәңгілік ел даңғ., 55/13
5 пост,Блок С2.1
Тел.: +7 7172 20-25-40
Сайт, FacebookInstagram