E.ASTANA.KZ – КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН (ЖҮЙЕДЕ ЖҰМЫС ЖАСАУ НҰСҚАУЛЫҒЫ)

Балабақшаға жолдама беру және кезекке тұру қызметтерін іске асыратын жүйеміз Білім және Ғылым министрлігінің жаңа мемлекеттік стандартына сәйкес соңғы уақытта бірнеше маңызды өзгерістерден өткелі тұр. Сол жөнінде тоқталып өтейік.

БІРІНШІ: жүйенің тиімділігі артты. Жүйені іске қосқан уақыт пен бүгінгі таңдағы көрсеткіштерді салыстырсақ, жұмыстың бірінші аптасында берілген жолдамалар саны ағымдағы жылдың осы кезеңінде берілген жолдамалар санынан айтарлықтай төмен екенін байқауға болады (2017 жылғы 10-17 сәуірде 1646 жодама берілсе, 2018 жылғы 14-21 мамыр аралығында 4120 жолдама берілді, бұл көрсеткішке 2017 жылы тек 1 маусымда ғана жеткен едік). Бұл, негізінен, мектепке дейінгі ұйымды таңдаудың (15-тен 3 күнге дейін) басымдық уақытын қысқартуға байланысты.

ЕКІНШІ: жүйенің икемділігі. Бүгінгі күні баланың жыл басында немесе аяғында дүниеге келуі, оның кезекте нешінші болып тұрғаны аса маңызды емес. Бүгінгі таңдағы өзгерістер нәтижесінде келесіні байқап отырмыз: 2017 жылғы 10-17 сәуірде 1-ші шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейін туылған балаларға 136-дан астам жолдама берілсе, 2018 жылғы 14-21 мамыр аралығында осы уақытта туылған балалар үшін 1407 жолдама берілген.

ҮШІНШІ: жүйенің қолжетімділігі. Оның тәулік бойы жұмыс істейтіндігі және үздіксіз процесті жүргізіп, үміткерлер арасында бос орындарды бөлу болып табылады. Мектепке дейінгі мекемеге жолдама алу үшін белгілі бір уақыт аралығын күтіп отырудың қажеті жоқ. Күн сайын жүйеде жекеменшік балабақшалар мен шағын орталықтарды қоса алғанда бос орындар тізімі жарияланады. Келесі күні кезекте тұрған және жеңілдік санаты бар азаматтар мекемеге жолдама алуға мүмкіндік алады.

КЕЛЕСІ КЕЗЕКТЕ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАР ҰСЫНЫЛҒАН

1. Кезек бала толық 2 жасқа толғаннан кейін ғана қозғалыстың бастайды, өйткені осы жасқа дейін балабақшаларға тіркеу жүргізілмейді. Кішігірім қозғалыс тек кезекке қойылған балалар сол кезектен алынған жағдайда ғана мүмкін болады. Сонымен қатар, тағы бір ескеретін жайт – кезек қозғалысы баланың мектепке дейінгі ұйымда ресми түрде тіркелгеннен кейін ғана жылжиды (хабарлама алғаннан кейін 5 күн ішінде, бірақ ата-ананың өтініші бойынша 30 күнге дейін созылуы мүмкін).

2. Кезектің келгендігі туралы хабарлама жіберілген соң, ата-аналарға қажетті мекемені таңдау үшін 3 жұмыс күні беріледі. Уақыт регламенті бойынша 3 жұмыс күні ішінде жолдаманы алмаса, онда бұл орын жыл тобы бойынша кезекте тұрғандардың барлығына қолжетімді болады, (бірақ балабақшаны таңдамаған бұрынғы өтініш беруші кезекте қала береді).

3. Ата-аналар қажетті мекемені таңдағаннан кейін, балаға жолдама беріледі және 5 жұмыс күні ішінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымға бару қажеттілігі ескеріледі. Егер 5 күнде баруға мүмкіндік болмаса, ұзарту функциясын пайдаланып, 30 күн ішінде таңдалған мекемеге баруға болады, орныңыз сол уақыт аралығында сақталады. Ал егер жолдама алған соң 5 жұмыс күні ішінде мекемеге бармасаңыз (алдын ала ұзарту функциясын қолданбай), СТОП-тізіміне 10 жұмыс күніне тіркелесіз. Бұл тізімде оналасқан ата-аналар үшін балабақша таңдауға мүмкіндік болмайды. 10 жұмыс күні өткен соң қажет функцияларға қолжеткізу мүмкіндігі қайта пайда болады. Дегенмен егер СТОП-тізімге 2 рет түскен уақытта, үшінші ретте бала автоматты түрде кезектен алынады.

4. Көп жағдайда кезекте тұрған балалар саны балабақшаға жолдама алып, азаяды, бірақ көбеюі де мүмкін. Бұл жеңілдікті санаттағы балалардың кезегін орналастыруға байланысты.

5. Жүйеде жеті жасқа толған барлық балалар кезектен алынады, сонымен қатар егер ата-ана жыл ішінде орын алуға қызығушылық танытпаса, сол кезде де кезектен алынатын болады. Егер ұсынылған деректердің заңдылығы туралы сұрақ туындаса, жүйе өтініш қабылдаудан бас тартуы мүмкін.

6. Кез-келген мектепке дейінгі білім беру мекемесіне, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бар жекменшік балабақша немесе шағын орталыққа жолдама алған кезде, бала автоматты түрде кезектен алынатын болады (дегенмен, мектепке дейінгі мекеме барып жүрген баланың жеті жасқа дейін кезекке қайта тұруға құқығы бар). Яғни баланы мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету қызметі тек бір рет ғана беріледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published.