ОРТА БІЛІМ БЕРУГЕ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫН ОРНАЛАСТЫРУҒА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға құжаттарды қабылдау бойынша конкурстық құжаттамалар

Конкурс ұйымдастырушы: «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ.

Өтінішті қабылдау Астана қаласы Білім басқармасының кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау 2018 жылғы 18 шілдеге дейін жүзеге асырылады.

Байқауға қатысу үшін білім беру ұйымдары Астана қаласының Білім басқармасына төмендегідей құжаттарды ұсынады:

1) Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ басшысы, комиссия төрағасы Жангозин Ануар Қанатұлына өтініш беру,                            1-қосымшадағы нысан бойынша;

  1. “Рұқсаттар және хабарламалар туралы” 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-тармағына сәйкес бекітілген нысан бойынша берілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияның көшірмесі;
  2.  заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
  3.  жарғы көшірмесі;
  4.  екінші деңгейлі банктерден берілетін қарыздардың болмауы туралы анықтама (еркін нысанда);
  5.  Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің “Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы” 2008 жылғы 29 желтоқсандағы               № 622 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша салық төлеушінің есебі мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет.

Мемлекеттік тапсырысты орналастыруда бас тарту мына негіздемелер бойынша болуы мүмкін:

1) тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда және (немесе) әрекет ету мерзімі жойылған кезде;

2) мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің (деректер) дұрыс еместігі анықталған кезде.

Конкурсқа қатысуға өтінім конкурс ұйымдастырушысы «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ кеңсесіне тапсырылады: мекен-жайы:  010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11,  тел.: 556756,  каб.: 703, мерзімі  2018 жылғы 18 шілдеге дейін (қоса алғанда), сағат 18.00-ге дейін.

1-қосымша

Өтініш беру үлгісі (орта білімберу ұйымының бланкісінде толтырылады)

Мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын орналастыру
жөніндегі комиссияның
төрағасы
___________________________
(Т.А.Ә.)

 

Өтініш

Орта білім бойынша мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру үшін _________________________________________________________________

(орта білім мекемесінің аты)

көрсетілген қызметтерді жеткізушілердің тізбесіне енгізуді сұраймын.

Орта білім ұйымының басшысы            

_________________________

      (қолы, Т.А.Ә.)

      Толтырылған күні

      Мөр орны

Leave a Reply

Your email address will not be published.