«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» МУЗЫКАЛЫҚ САЙЫСЫ

2018 жылдың 05 наурызы күні Политехникалық колледж базасында «Даналық» колледжі Астана қаласы Білім басқармасының жетекшілігімен 5 жыл қатарынан қалалық «Екі жұлдыз» музыкалық сайысын өткізді.

Сайысқа қатысушылар елордамыздың колледждерінің оқытушылары мен студенттері. Конкурстың мақсаты: студенттерді  рухани-адамгершілік жағынан  және азаматтық-патриоттық тұрғыдан тәрбиелеу, ересектер мен студенттердің арасындағы шығармашылық әріптестік, жас буынды тәрбиелеу барысында көркем шығармашылықтың әсерін арттыру. Бұл сайыс көктемгі мереке қарсаңында өткізіледі. 8 наурыз – әдемілік пен қайырымдылыққа толы ғажайып күн.   Музыкалық сайысты  Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің маманы –  Қалдыбекова Индира Қабдуалиқызы,   республиканың еңбек сіңірген қайраткері – Магзум Муса Оралұлы, білім беруді жаңғырту орталығының тәлімгері –  Исина  Нағима  Саткенқызы, № 2 өнер мектебінің директоры –  Жангелді Гүлмира Жангелдіқызы,   “Жас StaR Group” компаниясының жетекшісі, ” Жас StaR Креативтік агентігі” ЖШС директоры, Республикалық Жастар Қоғамдық Бірлестігі КТК Қазақстандық Жоғары Лигасының президенті – Бейсенов Нұржан Зейнебекұлы, КТА-ның мүшесі, КТК телеарнасының әртүрлі жобаларының қатысушысы – Карамырзаев Бакытбек сынды білікті әділқазылар бағалады.

Сайыста лайықты жеңімпаз ретінде 1 дәрежелі дипломмен Политехникалық колледж марапатталды.  2 орынды – Гуманитарлық колледж, 3 орынды Экономика және тағам өнімдерінің технологиясын стандарттау колледжі иеленді.  Номинациялар: «Актерлік шеберлік»- «Даналық» колледжі«Көрермен көзайымы» – Көлік және коммуникация колледжі марапатталды,  сонымен қатар «Жоғары деңейдегі орындаушы» номинациясымен Энергетика және байланыс колледжінің қатысушысы    Кеңес Қанат Есенгелдіұлы атап өтілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published.