Ел астанасында «WorldSkills Nur-Sultan-2019» қалалық кәсіби шеберлік сайысы басталды

Чемпионатқа 29 мамандық бойынша қала колледждерінің 138 студенті мен кәсіпорындардың жас мамандары қатысады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны елордалық білім басқармасы ұйымдастырды. Чемпионатқа 18-22 жас аралығындағы техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелердің студенттері мен қала кәсіпорындарының жас мамандары қатысады.

«Баршаңыз өз кәсіби бағыттарыңызды таңдадыңыздар. Сіз жоғары нәтиже көрсетіп қана қоймай, өз шеберліңізді халықаралық деңгейде сынап отырсыз. Біздің қала үшін осындай шәкірттерді, студенттерді таныстыру үлкен құрмет. Чемпионаттың алдағы үш күні сіздер үшін оқиғаларға әрі қызықты тәжірибеге қанық болуын шын жүректен тілеймін. Өз шеберліктеріңізді шыңдаңыздар, жоғары нәтиже көрсетіңіздер, жүзден жүйрік болыңыздар!» – деді шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин.

Чемпионат «Веб дизайн», «Аспазшы», «Кірпіш қалаушы», «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету», «Шанақ жөндеу», «Бизнеске арналған IT шешімдер», «Мехатроника», «Дизайн және модельдеу», «Мейрамхана қызметі», «Желілік және жүйелік әкімшілік», «Дизайн», «Инженерлік графика», «Наубайхана технологиясы», «Сантехника және жылу», «Кондитерлік бұйымдар», «Графикалық дизайн», «Жеке білім беру және оқыту» сияқты бағыттар бойынша өтеді.

«Чемпионатқа веб-бағдарламалау бағыты бойынша екінші жыл қатарынан қатысып отырмын. Өткен жылмен салыстырғанда, биыл сайыстың ауқымдылығы, тақырыптардығ әр алуандығы байқалады. Қатысушылардың қатары көбейген. Біздің команданың алдында толық функционалды веб-сайт әзірлеу міндеті тұр. Жалпы алғанда, жобаны әзірлеуге бізге 2 күн беріледі», – деді турнирдің қатысушысы Виталий Селивицкий.

Чемпионат жеңімпаздары қазан айында өтетін «WorldSkills Kazakhstan-2019» кәсіби біліктіліктің V-ші республикалық чемпионатында Нұр-Сұлтан командасының намысын қорғайтын болады.

Бұдан бөлек, осы жылы алғаш рет 13-15 жас аралығындағы орта мектептердің 8-9 сынып оқушылары арасында «JasSkills Nur-Sultan –2019» қалалық чемпионаты өткізіледі деп жоспарлануда.

1 thought on “Ел астанасында «WorldSkills Nur-Sultan-2019» қалалық кәсіби шеберлік сайысы басталды

  1. When I originally commented I clicked the -Notify me when new surveys are added- checkbox and from now on each time a comment is added I get four emails sticking with the same comment. Is there however you may get rid of me from that service? Thanks!

    http://obyavlenie02.ru/user/profile/582947

Leave a Reply

Your email address will not be published.