«Астана қаласының білім басқармасының «Гуманитарлық колледж» мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына сенімгерлік басқаруға беру» жобасы бойынша 2019 жылының 20 наурыздағы жарияланған жеке әріптес тандау конкурсы

Астана қаласы әкімдігі, 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 мекен-жайында орналасқан «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ атынан «Астана қаласының білім басқармасының «Гуманитарлық колледж» мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына сенімгерлік басқаруға беру» жобасы бойынша 2019 жылының 20 наурыздағы жарияланған жеке әріптес тандау конкурсы туралы хабарлайды.
Объект №1 – мүлік кешені («Астана қаласының білім басқармасының «Гуманитарлық колледж» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жер тілімі
және жер қойнауында орналасқан оқу корпусы мен жатақханасы);
Объект №2 – құрылысқа жоспарланған 1000 орынға арналған жаңа оқу
корпусының, соңымен қатар жеке серіктеске тиесілі ғимаратты пайдалануға
болады.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 32 бабында көрсетілген біліктілік талаптарына және таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға жауап беретін барлық әлеуетті жекеше әріптестер жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушыға ұсынылатын қажетті құжаттар тізімдемесі және әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Төмендегі көрсетілген мекен-жайлар бойынша: конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған кезден бастап, сағат 8.30-дан 13.00-ге және 14.30-ден 18.00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, «Астана қаласының білім басқармасы» ММ № 711 кабинете конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін алуға болады.
Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакеті тегін беріледі.
Жекеше әріптестер конкурсқа қатысуға арналған конвертке жапсырылған конкурстық өтінімді Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, № 119 кабинет «Астана қаласының білім басқармасы» ММ мекен-жайына қолма-қол тапсырады.
Біліктілік талаптарына сай жекеше әріптестік әлеуетті сай екендігін растайтын құжаттарды ұсынудың ақырғы мерзімі 2019 жылдың 10 сәүірдегі, Астана қаласының уақыты бойынша 15.00-ге дейін.
Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді ұсынудың ақырғы мерзімі 2019 жылдың 2 мамыры, Астана қаласының уақыты бойынша 13.00-ге дейін.
Конкурстық өтінім салынған конверттерді ашу Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, 712 кабинет мекен-жайында 2019 жылдың 2 мамырда Астана қаласының уақыты бойынша 15.00-де жүзеге асырылады.
Анықтамалық ақпаратты «AstanaInvest» Қалалық инвестицияларды
дамыту орталығы» ЖШС 8 (7172) 647214, +77014883569 телефондары бойынша, «Астана қаласының білім басқармасы» ММ телефондары бойынша 8 (7172) 55-68-87 алуға болады.

1 thought on “«Астана қаласының білім басқармасының «Гуманитарлық колледж» мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына сенімгерлік басқаруға беру» жобасы бойынша 2019 жылының 20 наурыздағы жарияланған жеке әріптес тандау конкурсы

Leave a Reply

Your email address will not be published.