«АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ «ҮЗДІК КОЛЛЕДЖ КІТАПХАНАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2017 жылдың 27 қазан күндері Еуразия гуманитарлық институтының колледжі базасында Астана қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы «Үздік колледж кітапханасы» қалалық байқау өтті.

Байқаудың мақсаттары: Астана қаласы колледждері кітапханалары жұмыстарының инновациялық әдістерін, жалпылау және тарату; кітапхана, ақпарат-библиографиялық қызмет көрсету тәсілдері арқылы колледждің білім беру және тәрбиелеу процестерін қамтамасыз етуде кітапхананың рөлін арттыру.

Қалалық байқау екі айналымнан тұрды. Байқауға 15 кітапханашы қытапханаларының қызметтері туралы материалдарды ұсынды.

Байқаудың II айналымында қатысушылардың кәсіби қабілеттерін меңгеруі, біліктілігі, білімі (тәжірибелік тапсырмаларды орындау, теориялық сұрақтарға жауап, пікірсайысқа қатысу және т.б.) жөнінен жарыс түрінде өтті. Видеоматериалдар көрсетілді.

Байқаудың қазылар алқасының құрамы : С.Басыгараева – Астана қаласы Білім басқармасы, Кәсіби білім беру және кадрларды даярлау бөлімінің басшысы, К.Исинова – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасы, Әлеуметтік білім беру жобалары қызметінің жетекші маманы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, А.Жақсылыкова –№ 50 мектеп-лицейі кітапханасының меңгерушісі, Б.Наурызбаева – «Әділет» қалалық педагогтер кәсіподақ ұжымының төрағасы, Г Дарибаева – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Отырар» ғылыми кітапханасы директорының ғылым, әдістеме жөніндегі орынбасары,Н.Текесбаева – Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы, құжаттарды өңдеу қызметінің басшысы.

Байқау бойынша жүлделі бірінші орынға ие болған Политехникалық колледжінің кітапханашысы М.Исмагулова, екінші орын Көлік және коммуникация колледжінің кітапханашысы Жунусова Г., үшінші орын Басқару колледжінің кітапханашысы Г.Байтенова бұйырды. «Білімділігі үшін» Гуманитарлық колледж кітапханашысы М.Смагулова, «Көрермен көзайымы» номинациясы Еуразия гуманитарлық институты колледжінің кітапханашысы С. Асаинова берілді.

Жүлдегерлер диплом және бағалы сыйлықтарға ие болды.