«Parasat-2019» қалалық зияткерлік турнирі

2019 жылдың 25 қаңтар күні Оқушылар сарайының театр залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау аясында «PARASAT-2019»  қалалық зияткерлік турнирінің финалы өтті.
Турнирді өткізудің мақсаты – Астана  қаласы мектептерінің оқушылары арасында зияткерлік қозғалысты дамыту. Турнирге қазақ тілінде білім беретін мектептерден 54, орыс тілінде білім беретін  мектептерден 17 команда қатысты.
Турнир екі кезеңді қамтыды: іріктеу және ақтық кезең. Іріктеу кезеңдері 2019 жылдың 17-22 қаңтар аралығында өтті.  Ақтық кезеңге қазақ тілінде білім беретін мектептерден: BIL (ұл), 72, 40, 76 мектептерінен 4  команда жолдама алды.

Ал орыс тілінде білім беретін мектептерден 4 команда өтті: 22, 6, 75, 31.
Ойын қорытындысы бойынша финалдық кезеңде төмендегі жеңімпаздар белгілі болды:
Қазақ тілді ойында:
72 мектеп-лицейі – ІІІ орын
Білім-Инновация лицейі – ІІ орын
40 мектеп лицейі – 1 орын
76 мектеп лицейі – Бас жүлде
Орыс тілді ойында:
22 мектеп-гимназиясы – ІІІ орын
31 мектеп – ІІ орын
6  мектеп-гимназия – Гран-при

Бірнеше сұраққа дұрыс жауап берген 30 қатысушы “Үздік ойыншы” атанды.

Leave a Reply

Your email address will not be published.