ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУҒА МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫН ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША КОНКУРС

КОНКУРС ҚҰЖАТТАРЫ 

жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша

Жалпы ережелер

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша қызмет көрсететін жеткізушіні таңдау мақсатында конкурс жүргізіледі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша орындарды анықтау. 2018 жылдың 25 тамыз бен 17 қыркүйекке  дейін, «Астана қаласының білім басқармасы» ММ жан басына қаржыландырғанда бір балаға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша енгізілген жаңа орындардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Конкурсқа қатысуға өтінішті рәсімдеу талаптары және конкурсқа қатысуға өтініш салынған потенциалды жеткізушілердің ұсыныстары.

Конкурсқа қатысуға өтініштер

Қатысуға өтініш берген жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберіледі. Өтініш ерікті нысанда жазылады. Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қалалық білім бөлімдеріне, білім басқармаларына мынадай құжаттар ұсынады: 1) комиссия төрағасының атына ерікті нысандағы өтініш; 2) бизнес сәйкестендіру нөмірі тағайындалған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының, жарғының, банктен қарызының жоқтығы туралы анықтаманың, салық органдарынан қарызының жоқтығы туралы анықтаманың көшірмесі; 3) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты орнатушы құжаттардың көшірмесі (жекеменшік немесе жалға алу); 4) медициналық кабинетке лицензияның немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен қызметтің көрсетілуіне жасалған шарттың болуының көшірмесі; 5) білім беру органдарының жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес бекітілген ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеу туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші міндеттемесінің нысаны ерікті.

Растайтын құжаттар:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен 2011 жылдың 30 желтоқсанында бекітілген № 1684 «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру нысандарына қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптар» Санитарлы ережелер талаптарына атқарылатын қызметтердің сәйкестігі(әрі қарай санитарлы ережелер); 2. Тәрбиелеу және оқыту бағдарламаларының Стандарт (оқу бағдарламасы) талаптарына сәйкестігі. 3. Өрт қауіпсіздігі бойынша қорытынды. Конкурс ұйымдастырушысы (аудандық және қалалық білім бөлімдері, облыстық (республикалық маңызды қалалар, астаналық) білім басқармалары конкурстың өткізу мерзімін белгілейді, конкурсты жариялайды, оның құрамын бекітеді, комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді, комиссияның шешімі негізінде, орындарының саны көрсетілген, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға болатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізімін бекітеді.

Конкурсқа қатысушылардың өтініштерін рәсімдеуге қойылатын талаптар

Ұйымдастырушыға потенциалды жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімі тігілген түрде, беттері нөмірленген және соңғы бетіне қол және мөрмен расталады. Конкурстық өтінімде, жолдар арасында ешқандай түзетулер болмауы қажет, егерде потанциалды жеткізушіге грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болғанда ғана мүмкін. Потенциалды жеткізуші конкурсқа қатысу өтінімін конвертке салып, сыртқы жағында потенциалды жеткізушінің толық атауы және мекен-жайы, конкурс ұйымдастырушысының толық атауы және мекен-жайы көрсетіледі. Конкурсқа қатысуға өтінім мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жазылып, ұсынылады.

Конкурсқа қатысуға өтінім ұсынудың тәртібі

Конкурсқа өтінімді потенциалды жеткізушілер немесе олардың сенімді өкілдерімен конкурсты ұйымдастырушының кеңсесіне немесе почта байланысының тапсырысын қолдана отырып мына мекен-жайға: «Астана қаласының білім басқармасы» ММ 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 тел. 556874, №119 жұмыс бөлмесі, 2018 жылдың 25 тамыз бен 17 қыркүйек аралығында (қоса алғанда) сағат 08-30 дан 16-00 дейін тапсыру қажет.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *