Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы оқытушыларға арналған арнайы ағылшын тілі курстары: нақты нәтижеге жұмыс

Қазіргі әлемде ағылшын тілін білу – жаңалық емес, жұмыста табысты болуды қамтамасыз ететін қажеттілік.

Қазақстанның WorldSkills кәсіби шеберлік халықаралық конкурсына табысты қатысуының маңыздылығын ескере отырып, қатысушылар мен сарапшыларға конкурстық тапсырмалардың шарттары мен талаптарын жақсы түсіну үшін ағылшын тілін білу қажеттілігіне байланысты, Менеджмент және бизнес колледжінде арнайы пәндер оқытушылары үшін курстар ұйымдастырылды.

Ағылшын тілі курстары арнайы терминологияны оқып үйренуді, оқытушыларға WorldSkills әлемдік аренасына қатысуға студенттерді жақсы дайындауға көмектеседі.

Менеджмент және бизнес колледжі елорданың басқа колледждерінің арнайы пәндер оқытушыларын курсқа шақырады. Қазіргі уақытта курста білім алушы оқытушылар курс нәтижесіне риза.

Халықаралық конкурсқа қатысуға жастарды дайындау бойынша бірлесе күш жұмсау оқыту сапасын жақсартады және қазақстандық қатысушыларға нақты нәтижеге сеніммен шығуға көмектеседі.

 

Сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 87019475965 (Камбетова Гаухар Закошевна), 87014429030 (Сүлейменова Нургуль Габиденқызы).

Leave a Reply

Your email address will not be published.