«Күлтегін» мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімі өткізілді

2019 жылғы 7 сәуірде «Қазақстан» ОКЗ-да 5000-ға жуық көп балалы аналар мен аз қамтылған жанұя балалары, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері «Күлтегін» мультфилмін тамашалауға барды. Кейбір көп балалы аналар өз балалаларымен бірге тамашалады. Мұндай қайырымдылық іс-шара барысындағы көрсетілімдер жалғастырылады.

Бұған дейін де аталған шара Наурыз мерекесінде 22, 24 күндері 5000-нан аса бала «Мұзбалақ» анимациялық мультфильмі көрсетілген. Аталған көрсетілім «Аяла»  қоры мен «Қазақконцерт» МКЗ, «Қазафильм» АҚ қайырымдылық қолдауымен ұйымдастырылған.

Ұйымдастырушылар жас көрермендердің Қазақстанның тарихына тереңірек қызығушылық тудыратындығына үміттенеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published.