«Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Тәуелсіздік Қазақстан бала көзімен» жас суретшілердің балалар суретінің қалалық конкурсының баспасөз релизі

Астана, 2018 жылдың 7 желтоқсанында сағат 15.00-де –Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубының фойесінде «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Тәуелсіздік Қазақстан бала көзімен» жас суретшілердің балалар суретінің қалалық конкурсының қорытындысы бойынша балалар шығармашылығы көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Конкурсты Астана қаласының Білім басқармасы және Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубы ұйымдастырды. Басты идея-Астананың барлық балалары үшін қуаныш пен күн сәулесінің атмосферасын құру.

Конкурстың мақсаты өскелең ұрпақты бейнелеу өнеріне баулу, отбасына, өз еліне деген сүйіспеншілік, балалардың Отанға деген патриоттық сезімін дамыту, жас таланттарды ашу және қолдау, Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен және Астананың көрікті жерлерімен таныстыру.

Конкурсқа май, акварель, тушь, түрлі-түсті қарындаштар мен борлардан сурет салудың әртүрлі техникасы бойынша жұмыстар ұсынылады. Осы техникалардың әрқайсысы пайдаланылатын материалдардың ерекшеліктерін өзінше ашуға мүмкіндік береді.

Байқауға Астана қаласының 80 жалпы білім беретін мектептері, гимназиялары, лицейлерінің оқушылары қатысады.

Оқушыларды қамту – 500-ден астам оқушы.

Жұмыстарды өнер қайраткерлерінің, Суретшілер одағының мүшелері арасынан құзыретті қазылар алқасы бағалайды.

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздардың үздік жұмыстарының көрмесі құрылады.

БКМ алдағы уақытта да шығармашыл оқушылардың ұлттық көркем кәсіпшіліктер мен қолөнерді және көркем өнердің барлық түрлерін зерделеуге, сақтауға және дамытуға қызығушылығын ынталандыратын болады.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:

Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебі.

Бөгенбай батыр даңғылы, 17

e-mail: DHSHastana@mail.ru

Оразбаева Айнұр

Тел.: 8(7172) 31-42-53,8 701 999 74 43

Leave a Reply

Your email address will not be published.