ПРЕСС-РЕЛИЗ

Астана қаласының Білім басқармасымен «Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2018-2020 жылдарға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің қаулысының жобасы әзірленді.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы дефицит мәселесін шешудің тиімді жолдарының бірі болып және мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие мен оқытудың сапалы қызметімен халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін Астана қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдарда, меншік нысанына қарамастан мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру болып табылады.

Осыған орай, 2018 жылғы 4 желтоқсанда сағат 10:00-де Бейбітшілік к-сі, 11 бойынша Астана қаласы Білім басқармасының 702 кабинетінде аталған жобаларға реттеушілік әсерді талдау қоғамдық талқылау нәтижелері өтеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *