«Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру қалалық конкурсы

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 бұйрығына сәйкес (ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 67 бұйрығымен өзгеріс енгізілген) 2019 жылғы 17 мамыр Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік мектептер арасында «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру қалалық конкурсы өтетінін хабарлайды (Білім басқармасы 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 255 бұйрық).
Конкурсқа қатысу үшін өтініштер мен «Гранттар конкурсы» деген белгі тәртібі мен оның өлшемдері белгіленген Қағидаларының 11-тармағындағы өлшемдерге сәйкес (рейтингілік көрсеткіштер) тиісті материалдарды Білім басқармасының кеңсесіне ағымдағы жылдың 22 сәуір мен 2 мамыр аралығында тапсыру қажет.

Leave a Reply

Your email address will not be published.