НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАЛАБАҚША БОЙЫНША АҚПАРАТ

Құрметті ата-аналар!

Астана қаласының Білім басқармасы хабарлайды: 2 қазан күні E.ASTANA.KZ сайтында №95 “Almaty balabaqshasy” (Алматы көшесі, 4) және №54 “Нұр-ай” (Қарқабат көшесі, 15 (КазАтомПром) балабақшаларына электрондық жолдамалардың берілуі басталады.

Еске саламыз: қазан айының 2,3,4 күндерінде жолдамалар кезекте тұрған және смс-хабарлама алған ата-аналар үшін ғана (жеңілдік санатты қоса алғанда) қолжетімді.

Ал қазанның 5-нен бастап (бос орындар қалған жағдайда ғана), бұл орындар кезекте тұрған барлық ата-аналар үшін қолжетімді болады.

Қосымша ақпарат үшін: 55-68-83, 55-68-73 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.

Сондай-ақ, кез-келген мемлекеттік балабақша негізінде жүргізілетін консультациялық көмек алу мүмкіндігін еске саламыз (әр сәрсенбі күні, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін балабақшаларда кеңес беру күндері өтеді/ өзіңізбен бірге ЭЦҚ қоса алу қажет).

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *