«Менің бастауым – менің ауылыма» атты балалар әлеуметтік жобаның өтілуі туралы ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ұйымдастырған «Менің бастауым – менің ауылыма» атты балалар әлеуметтік жобасының Нұр-Сұлтан қаласы мектептерінің оқушылары арасында өткізіліп, қорытындысы туралы ақпаратты жолдайды.

Аталған іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасына қарасты мектептерден 15 жоба қалалық деңгейге ұсыныс тапсырды. Жобаның 1-ші кезеңі мектепішілік (22.01.2019 ж.,№40 бұйрығы негізінде), 2-ші кезеңі қалалық деңгейде (09.04.2019 ж.) өткізілді.

Қалалық деңгейдегі өткізілген байқау жобаларының жұмысының өзектілігі ауылда мәдениет, спорт, ұлттық салт-дәстүрдің құндылығын дамытып, қала мен ауыл мектептері арасындағы балалардың қарым-қатынасын іс-тәжірибе алмасу арқылы дамытуға көзделген.

Байқау қорытындысы жобалардың ұсынылған бағалау критерийлері (ұсынылған жұмыстың әлеуметтік маңыздылығы, іске асыру тиімділігі басқа өңірлерде әлеуметтік бастаманы іске асыру мүмкіндігі, көпшілік алдында қорғауы яғни, сөйлеу мәдениеті, сөз сөйлеудің сенімділігі, аудиториямен жұмыс істей білуі) бойынша анықталып, нәтижесінде:

–  1-ші орынды № 22 мектеп-гимназиясының оқушылары;

–  2-ші орынды № 9 Дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебі;

– 3-ші орынды № 64 мектеп-лицейінің оқушылары өзара бөлісті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *