Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына конкурс жарияланды

30.07.2018

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары оқу орындары мынадай қажетті құжаттарды ұсынады:

1)  1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жоғары оқу орнының өтінімін;

2)  2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жоғары оқу орнының сауалнамасын;

3) 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы тиісті оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсынысын.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, жоғары оқу орнының бірінші басшысы қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

Конкурстық өтiнiм білім беру саласындағы уәкілетті органға конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсеткен сағат пен күннен кешiктiрілмей жолданады. Конкурстық өтiнiм беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн түскен конкурстық өтiнiм кешiгу себептерiне қарамастан қаралмайды.

Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін оларға қандай да бір өзгерістер енгізуге рұқсат етілмейді.

Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар конкурсты ұйымдастырушының төмендегі мекен-жайда орналасқан кеңсесіне 2018 жылдың 30 шілдесі мен 03 тамызды қоса алғандағы аралықта ұсынылады: «Астана қаласының білім басқармасы» ММ, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11-үй, 55-68-55, 55-68-57, каб.: 119, 708.

қосымша.docDoc 37.00 KB

гранттарды бөлу-% (1).xlsxXls 15.93 KB