«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» ХІ қалалық педагогикалық олимпиаданың қорытындысы

6.04.2018

2018 жылғы 5 сәуірде М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар Сарайы базасында ХІ қалалық педагогикалық олимпиада өтті.

Педагогикалық олимпиада кәсіби педагогикалық мамандықтың маңыздылығын арттыру, осы мамандықты таңдаған талантты жастарды аңықтау мақсатында, жыл сайын өткізіледі.

Олимпиада 4 категориядан құрылған:

І категория - жоғары сынып оқушылары.
ІІ категория -  жас педагогтер (еңбек өтілі 5 жылдан аспауы тиіс)
ІІІ категория -  тәлімгерлер (еңбек өтілі 5 жылдан аспауы тиіс)
ІV категория - психологтар (еңбек өтілі 5 жылдан аспауы тиіс)

Олимпиада мазмұны кәсіби білім беру аясында педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі анықтау және өзіндік жетілу қабілетін, білім беру үрдісінде  кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурс тапсырмаларын қарастырылған.

Педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері деңгейлеріне сәйкес І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасына жолдама алды.

Жоғары сынып оқушылары
І орын – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі
ІІ орын –№82 «Дарын» лицейі,  ДБМ №9 «Зерде», №38 МЛ, №73 МЛ
ІІІ орын  – №50 МЛ, №70 МЛ, №6 Г, №52 МГ, №4 МГ
Грамота – №40 ОМ, №56 МЛ, №76 МЛ, №66 МЛ
Жас педагогтер
І орын – №48 МЛ
ІІ орын – Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейі, №82 «Дарын» лицейі, «Флагман» ФТЛ
ІІІ орын – №76 МЛ, №28 ОМ, №78 МГ, №81 Г, №52 МГ, №4 МГ
Грамота – №60 МЛ, №66 МЛ, №26 МГ
Тәлімгерлер
І орын – №38 МЛ
ІІ орын – №66 МЛ, №67 Г, №71 МЛ
ІІІ орын – №70 МЛ, №26 МГ, №27 МГ
Грамота – №74 МГ, №73 МЛ, №37 МГ
Психологтар
І орын – №84 МЛ
ІІ орын – №52 МГ, №26 МГ
ІІІ орын – №1 МЛ, №50 МЛ
Грамота – №37 ОМ, №78 МГ, «Флагман» ФТЛ

Биыл Республикалық педагогикалық олимпиада жеңімпаздар үшін 2018 жылғы мамыр айының 3-5 күндері аралығында Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында өтеді.