Астанада «Шаттық-2018» шығармашылық байқауы өтеді

7.04.2018

2018 жылғы 9 сәуірінде сағат 10.00-де Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Шаттық-2018» XIІ ашық шығармашылық қалалық байқауының ашылу салтанаты өтеді. Биылғы жылы байқау сәуір айының 25-не дейін өтеді.

Астананың 116 білім беру ұйымынан 6000-нан астам қатысушылары байқауға қатысады. 2018 жылы 40 алтын, 60 күміс және 80 қола медаль табыстау жоспарланып отыр. 160-тан астам мұғалім сертификаттармен марапатталады, ал 450-ден астам шығармашылық ұжымдар мен солистер конкурстың жеңімпазы атанады.

«Шаттық-2018» байқауы «Рухани жарару» бағдарламасы аясында өткізіліп, «Астананың құшағында» ұранымен елордамыздың 20 жылдығын атап өтуге арналған.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қалалық байқау мемлекетіміздің білім беру және мәдени әлеуеті кең ағартушылық келешегінің көмегімен жан-жақты шығармашылық тұлғаны қалыптастыру және дамытуға бағытталған. 

Елорданың дарынды жастары 2 жас ерекшелігі: 10-15 жас және 16-20 жас аралығында, сонымен қатар 8 жанр бойынша 15 номинация (жеке аспапта орындаушы/ ан-самбльдік аспапта орындау; классика, халық аспаптары/ хор әні, эстрадалық ән, вокалдық ансамбль, халық әні, халық биі, қазіргі заман биі, поэзия, театр өнері, фотосурет, бейнелеу өнері, ерекше жанр және киім үлгісі) бойынша сайысқа түсетін болады.

Бес күн бойы қаланың әр түрлі алаңдарында (М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, Астана қ. әкімдігінің оқушылар сарайы, №1 өнер мектебі, балалар көркем мектебі, №4МГ) шығармашылық сайыстар өтеді.

2018 жылдың 18 мамырында балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Шаттық-2018» ХІІ ашық шығармашылық қалалық байқауының Гала-концерті өтеді.