Қалалық № 9 «Зерде», № 81 «Astana English School», № 82 «Дарын» мамандандырылған мектептеріне құжат қабылдау басталды.

29.04.2018

Құрметті ата-аналар!

Қалалық № 9 «Зерде», № 81 «Astana English School», № 82 «Дарын» мамандандырылған мектептеріне құжат қабылдау басталды.

Құжаттарды қабылдау 2018 жылдың 24 сәуір мен 10 мамыр арасында жүргізіледі.

Мектепке балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:

1) Баланың заңды өкілдерінен өтініш;

2) ЖСН нөмірі бар, өтініш берушінің туу туралы куәлігінің / жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі (бар болса);

3) Өтініш берушінің мектептегі үлгерімін растайтын табелі (директордың мөрімен расталған), тиісті білім беру ұйымдарының (бар болған жағдайда) мөрімен куәландырылған дипломдардың, мақтау қағаздары мен сертификаттардың көшірмелері.

4) 3x4 көлеміндегі фото – 2 дана.

5) Денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебіне тапсырылатын біліктілік емтихандары:

1-кезең: логика және математика бойынша тестілеу - 20 сұрақ, уақыты 60 минут.  5 математикалық тапсырма, уақыты 60 минут. Емтиханға берілетін жалпы уақыты – 120 минут.

2-кезең: функционалдық оқу дағдылары (қазақ, орыс және ағылшын тілдері). Тестілеу ұсынылған мәтінге сәйкес жүзеге асырылады. Әр пән бойынша 5 тесті бар 2 мәтін беріледі. (барлығы 10 сұрақ), сөздік және грамматика бойынша 10 сұрақ. Емтиханға берілетін жалпы уақыты – 90 минут.

Емтихан өтетін күндер: 16-17 мамыр 2018 ж.

Қосымша ақпарат үшін: 50‒18‒01 (Сарыарқа даңғылы, 20).

№81 «Astana English School» мамандандырылған гимназиясына тапсырылатын емтихан түрлері: жаратылыстану-математика немесе әлеуметтік-гуманитарлық бағыттары бойынша емтихан. 2-11 сынып оқушылары үшін - «Қазақ тілі», «Ағылшын тілі», «Математика» пәндері бойынша. 1-сынып оқушылары үшін - «Ағылшын тілі» тақырыбында сұхбат, психологиялық тест.

Қосымша ақпарат үшін: 25‒90‒40 (І.Омаров көшесі, 2).

№ 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 1 сынып оқушылары  үшін тапсырылатын емтихан түрлері:

- Математика - 5 тапсырма ( оның 2 тапсырмасы логикалық).

- Сауат ашу - 5 тапсырма (оның 1 тапсырмасы логикалық).

Білім мекемесіне оқуға ең жоғары ұпай жинаған үміткерлер қабылданады. Сынып комлектісіне байланысты іріктеуден ең жоғары ұпай жинаған 80 үміткер қабылданады. Жоғары ұпай сандары тең түскен жағдайда қабылданатын бала саны артуы мүмкін.

Құжаттарды қабылдау: 01-09 маусым, сағат 9.00-17.00

Конкурстық іріктеу: 12 маусым, сағат 10.00-11.30-ға дейін

Қорытындысы: 15 маусым күні сағат 18.00.

№82 «Дарын» мамандандырылған лицейіне  босаған орындарға түсуге  құжат қабылдау және конкурстық іріктеу.

Құжаттарды қабылдау: 24.04.2018ж. - 10.05.2018 ж.

Емтихан өтетін күн: 16.05.2018 ж.

Биылғы оқу жылындағы  6-сыныптар үшін (бос орындар саны - 10):

- Математика

- Биология

- География

- Қазақ тілі

Тест түрінде (әр пәннен 25 сұрақ).

Биылғы оқу жылындағы  7-сыныптар үшін (бос орындар саны - 10):

- Математика

- Биология

- География

- Физика

Тест түрінде (әр пәннен 25 сұрақ).

Қосымша ақпарат үшін: 20‒28‒44 (Ұлы Дала, 27/2).