“Қазақ қызы” мәдени-өнегелікке қыздарды тәрбиелеу институты  7 - 18 жас аралығындағы қыздар үшін қабылдау жүргізеді

3.08.2018

2018 жылдың 1 шілде аясынан  бастап “Қазақ қызы” мәдени-өнегелікке қыздарды тәрбиелеу институты  7 - 18 жас аралығындағы аз қамтылған отбасындағы қыздарды Астана қаласының әкімшілігі есебінен қабылдау жүргізеді.

Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан, сондай- ақ мемлекеттік әлеуметтік көмек алмайтын, алайда, орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан, Астана қаласының мемлекеттік білім беру ұйымдарында (мектеп, колледж) және интернаттық ұйымдарда оқитын жетім және ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған, қыз балаларға оқу ақысы тегін.

Қосымша ақпарат келесі телефон нөмірлері арқылы қолжетімді: +77172 999 465, +77172 999463.