Астана қаласы педагогикалық қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі Тақырыбы: «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі»

22.08.2017

23  тамыз 2017  жыл   сағат 10.00                                                                                                         Тәуелсіздік сарайы дөңгелек үстел

23 тамыз күні сағат 10.00 Тәуелсіздік сарайында Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен елордалық педагогика қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өткізіледі.

Білім беру саласының дамуына арналған пікір алмасу алаңына Астана қаласының әкімі - Исекешев Ә.Ө., Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі - Сағадиев Е.К., Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, қалалық мәслихат депутаттары, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар, әлеуметтік серіктестіктер, педагогикалық және ата-аналар қауымдастығының өкілдері, педагогикалық еңбек ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысады.

  Жаңа оқу жылы қарсаңындағы педагогикалық тамыз кеңесіні білім беру жүйесінің  өзекті сұрақтарды талқылау, олардың шешу жолдарын табу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Іс-шара аясында Астана қаласы білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі мен Астана қаласының әкімі тарапынан құрмет грамоталары мен “Ы.Алтынсарин” төсбелгісімен марапаттау рәсімі көзделіп отыр.

 

БАҚ өкілдерін тіркеу  - 22 тамыз сағат 21.00-ге дейін

(Аты-жөні, ЖСН нөмірі, байланыс телефондары)

Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі:

Жазира Асанова 8 778 788 76 47 - zh.assanova@astana.kz