Орта білім беру ұйымдарында 2018 - 2019 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы

10.08.2018

Астана қаласының жалпы орта білім беру ұйымдарында 2018-2019 оқу жылының басталуы туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің «Орта білім беру ұйымдарында 2018 - 2019 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі № 322 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында 2018-2019 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын:

1. 2018-2019 оқу жылының басталуы - 2018 жылғы 1 қыркүйек;

2. Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1-і сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11(12) сыныптарда – 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

3. Оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері:

         1) 1-11 (12) сыныптарда:  күзгі каникул – 7 күн (2018 жылғы 29 қазан  -4 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2018 жылғы 31 желтоқсан - 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 13 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);

         2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы 14 күн (2018 жылғы 27 желтоқсан – 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);

         3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1-і сыныптарда  7 күн мерзімде (2019 жылғы 4-10 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул белгіленеді.

Осы бұйрыктың орындалуын бақылау Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Б.К.Сматаеваға жүктелсін.

 

        Басқарма басшысы                                                                    А. Жангозин