Құрметті ата-аналар!

9.08.2018

Астана қаласының Білім басқармасы ата-аналар қауымдастығымен бірлесе отырып, елордалық білім ұйымдарында ашықтық саясатын орнату, ата-аналардың мектеп өміріне белсенді қатысу, сонымен қатар балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар жиынтығын іске асыру мақсатында ата-аналардан тұратын белсенділер тобын құруды жоспарлауда.

Құрылған топ мектептерді жаңа оқу жылы қарсаңында қабылдайтын комиссияның құрамына кіріп (яғни ғимараттың оқу жылына қаншалықты дайын екендігін тексеру мақсатында), сондай-ақ колледждерге құжаттарды қабылдау барысында байқаушы ретінде қатысуға мүмкіндік алады.

Келешекте осы тізімдегі ата-аналардың қалалық тамақтану сапасын бақылау комиссиясы құрамына енуі жоспарланып отыр.

Осыған байланысты топ құрамына кіруге қызығушылық танытқан ата-аналардан 
8 707 5012474 (Whats App) нөміріне 2018 жылдың 11 тамызына дейін өтініштерін (байланыс деректерімен қоса) жіберуді сұраймыз.