Бизнес және үкіметтік емес сектор өкілдері білім беру грантын бөлуде бақылаушы бола алады

2.08.2018

«Мемлекеттік бақылау картасы» жобасы шеңберінде Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, азаматтарға ЖОО-ры мен колледждерге түсу үшін білім беру гранттарын және мемлекеттік білім беру  тапсырыстарын тағайындауда конкурстық комиссия жұмысына қатысуға мүмкіндік береді.

Білім беруге бөлінген қаражаттың жыл сайынғы ұлғаюы олардың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етудің өзектілігін арттырады.

Агенттік қоғамдық бақылауды күшейту осы саладағы сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмаудың ең тиімді механизмдерінің бірі болатынына сенімді.

Биылғы жылы конкурстық рәсімдерге әр аудан мен облыста құрылған Агенттіктің Арнайы мониторинг тобының мүшелерінің белсене қатысуы күтілуде. Оның құрамына әртүрлі салалардағы сарапшылар кіреді: азаматтық қоғам, кәсіпкерлік, ғылыми және академиялық қоғамдастықтар, БАҚ өкілдері, сондай-ақ блогерлер.

Тәуелсіз бақылаушы ретінде әрекет ету үшін, азаматтар алдымен танымал жедел хабаршылар мен әлеуметтік желілер арқылы Агенттіктің тиісті аумақтық бөліміне хабарласулары керек(сілтемелер мен байланыстар қоса беріледі).

Сонымен қатар, талапкерлердің әлеуетті жұмыс берушілері болып табылатын бизнес құрылымдардың өкілдерінің конкурстық комиссияларына қатысу өте маңызды.

Сондықтан Агенттік кәсіпкерлер мен үкіметтік емес сектор өкілдеріне жүгінеді:

Кәсіпкерлер үшін: егер Сіз жоғары кәсіби және талап етілетін дағдылары мен біліктілігі бар болашақ жұмысшыларға қызығушылық танытсаңыз, біз Сіздерді оқу орындарында білім беру гранттарын бөлу бойынша конкурстық комиссиялардың құрамына қатысуға шақырамыз.

Үкіметтік емес сектор үшін: егер Сіз ашықтықты және транспаренттілікті қамтамасыз етуге мүдделі болсаңыз, сондай-ақ білім беру саласындағы мемлекеттік бюджетті үнемдеуге мүдделі болсаңыз, Сіздерді оқу орындарында білім беру гранттарын бөлу жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамына қатысуға шақырамыз.

Қызығушылық танытқан тұлғаларға төмендегі байланыс телефондары бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

ҚР МҚІСЖҚІА аумақтық департаменттерінің байланыстары

Агенттіктің аумақтық бөлімшелері

Байланыс телефоны

1

Астана қ. бойынша

Call орталық: 8 7172 24 80 27

                   8 705 709 19 78

dagspk@mail.ru

z.zhylkyshieva@kyzmet.gov.kz

2

Алматы қ. бойынша

Call орталық: 8 727 254 90 25

                   8 707 474 14 24

otdelap@mail.ru

a.baikhanova@kyzmet.gov.kz

3

Ақмола облысы бойынша

Call орталық: 8 705 597 51 74

anticorruption1494@mail.ru

b.bespalinov@kyzmet.gov.kz

4

Ақтөбе облысы бойынша

Call орталық: 8 7132 55 09 84

                   8 702 680 95 71

antikor_aktobe@mail.ru

r.medetov@kyzmet.gov.kz

5

Алматы облысы бойынша

Call орталық: 8 7282 24 11 91

                   8 701 636 33 97

upk_almobl@mail.ru

se.nurgisaev@kyzmet.gov.kz

6

Атырау облысы бойынша

Call орталық: 8 7122 45 68 96

                   8 702 692 26 52

Dgs15@bk.ru

t.zhumagulov@kyzmet.gov.kz

7

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

Call орталық: 8 7232 76 50 82

                   8 708 604 21 51

upkvko@mail.ru

zha.kabdoldakyzy@kyzmet.gov.kz

8

Жамбыл облысы бойынша

Call орталық: 87262 43 88 49

                   8 775 149 25 25

anticorruption_zhambyl@mail.ru

m.nalibaev@kyzmet.gov.kz

9

Батыс Қазақстан облысы бойынша

Call орталық: 8 7112 51 01 94

                   8 775 300 02 14

anticorruptionzko@mail.ru

b.isakov@kyzmet.gov.kz

10

Қарағанды облысы бойынша

Call орталық: 8 747 497 7777

Dadgspk.karaganda@mail.ru

zh.sarsenov@kyzmet.gov.kz

11

Қостанай облысы бойынша

Call орталық: 8 7142 39 31 65

                   8 707 602 14 24

agskos@mail.ru

sa.muksimov@kyzmet.gov.kz

12

Қызылорда облысы бойынша

Call орталық: 8 7242 70 50 55

                   8 778 478 70 97

apvo.kzo@mail.ru

a.mukhimov@kyzmet.gov.kz

13

Маңғыстау облысы бойынша

Call орталық: 8707 170 14 24

nariman.upk@mail.ru

nu.zhannazarova@kyzmet.gov.kz

14

Павлодар облысы бойынша

Call орталық: 8 747 404 14 24

dmdgs_pavlodar@mail.ru

adi.mukashev@kyzmet.gov.kz

15

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

Call орталық: 8 7152 46 58 49

                   8 707 564 14 24

sko94@list.ru

g.tursunbaev@kyzmet.gov.kz

16

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша

Call орталық: 8 7252 515151

                  8 775 869 21 21

intensiv2015@mail.ru

a.komekbayev@kyzmet.gov.kz