НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРГЕ ЖОЛДАМА АЛУ АЛГОРИТМІ

23.04.2018

Қазіргі уақытта жүйе (www.e.astana.kz) үміткерлерге онлайн режимде келесі мүмкіндіктер тізімін ұсынады: кезекке, соның ішінде жеңілдік санаты бойынша өтініш беру, берілген өтінішке өзгерістер енгізу (жеке деректерді өңдеу), кезекке сұрау салуды кері қайтарып алу (кезектен шығу), мемлекеттік немесе жекеменшік балабақшаға жолдама алу, кезекте тұрған өтініш беруші тарапынан балалар мектепке дейінгі ұйымына орын алу мүдделілігін үнемі растау.

Жүйенің артықшылығы оның тәулік бойы жұмыс істейтіндігі және үздіксіз процесті жүргізіп, үміткерлер арасында бос орындарды бөлу болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары тарапынан бос орындар бойынша ақпарат жүйеге жіберіліп, соған сәйкес жүйеде бос орындары бар мекемелер тізімі жүктеледі.

Жолдама алу алгоритмі (2 жастан бастап):

1. ЭЦҚ-ды пайдалана отырып, ата-ана www.e.astana.kz жүйесіне кіреді. Міндетті деректер толтырылады, олар - баланың ЖСН-і және ол азаматтардың жеңілдікті санатына жатса белгілеп, қажет болған жағдайда тиісті құжаттар қоса жүктеледі. Ағымдағы телефон нөмірі мен электронды пошта міндетті түрде талап етіледі.

2. Көрсетілген электронды поштаға және телефон нөміріне кезектің келгендігі туралы хабарлама жіберіледі. Егер ата- ана бала бақшаны таңдамаса және уақыт регламенті бойынша 3 жұмыс күні ішінде жолдаманы алмаса, онда бұл орын жыл тобы бойынша кезекте тұрғандардың бәріне ортақ, (бірақ бала бақшаны таңдамаған бұрынғы өтініш беруші кезекте қала береді);

3. Ата-аналар қажетті мекемені таңдағаннан кейін, балаға жолдама беріледі және 5 жұмыс күні ішінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымға бару қажеттілігі ескеріледі. Егер объективті себептермен ол 5 жұмыс күнде орнын алуы мүмкін болмаса, ол ұзарту функциясын пайдаланы, келесі 30 күнтізбелік күн ішінде сол таңдалған мекемеге бара алады.

4. Егер ата- ана жолдама алған соң 5 жұмыс күні ішінде - бала бақшаға келмесе, онда жолдама автоматты түрде жарамсыз болады және балаға тоқтатылған 10 жұмыс күні парағы беріледі. Өтінім тоқтаған параққа ілінсе жолдама алу мүмкіндігі жабылады. Егер өтініш беруші жолдаманың берілген күнін 2 рет кешіктірсе, онда бала автоматты түрде кезектен алынады;

5. Көп жағдайда кезек азаяд, бірақ көбеюі де мүмкін. Бұл жеңілдікті санаттағы балалар кезегін орналастыруға байланысты.

Жеңілдік категория жүйесі екі типтен тұрады:

1) Кезектен тыс жолдама алатындар (әскери қызметшілер балалары). Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде орын болса бұл категориядағылар кезектен тыс жолдама алады.

2) Бірінші кезектегілер (мүгедек балалар, ата- ана қарауынсыз қалғандар, жетімдер, көп балалы отбасының балалары, ерекше күтім мен білімді қажет етендер). Бұлар жолдаманы «үштен бір» қағидасы бойынша алады. (Жеңіл категориядағы өтініш беруші және жалпы негіздегі үш өтініш беруші)

6. Жүйе жеті жасқа толған барлық балаларды кезектен шығарып тастады, сонымен қатар егер ата-ана жыл ішінде орын алуға қызығушылық танытпаса, сол кездеде де кезектен шығарылатын болады.

7. Егер ұсынылған деректердің заңдылығы туралы сұрақ туындаса, жүйе өтініш қабылдаудан бас тартуы мүмкін.

8. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін балабақшаға жолдама мынадай жағдайда беріледі: баланың жасы 3–те немесе одан үлкен болса, егер бала кезекте тұрса және бос орын болса.

9. Шағын орталыққа жолдама мынадай жағдайда беріледі: баланың жасы 4-те немесе одан үлкен болса, егер бала кезекте тұрса және бос орын болса.

10. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін бала бақшаға жолдама алғанда кезек нөмірінің мәні болмайды. Алайда, ата-аналар мынаны білулері тиіс, егер мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін бала бақшаға жолдама алынса, онда бала кезектен автоматты түрде шығарылады.

Кезекті басқару жүйесі кезектегі өтініштер нөмерлерін келесі жағдайларда үнемі жаңартып, қайта есептейді:

1) мектепке дейінгі ұйымға кезектен тыс немесе алдыңғы кезекпен орын алу құқығына ие жаңа өтініш түскенде;

2) тоқтату парағынан өтінішті кезекке қайтаруда;

3) мұрағаттан өтінішті кезекке қайтаруда;

4) бар өтініш өзгергенде, егер өтініш осындай өзгерістің нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымға кезектен тыс немесе бірінші кезекте орын алу құқығын алады немесе жоғалтады;

5) кезектен өтінішті алып тастау нәтижесінде: өтінішті қайтарып алу; жолдаманы беру; өтінішті тоқтату парағына орналастыру; бала максималды жасқа жеткенде өтінішті мұрағатқа орналастыру; өтініш берушінің мектепке дейінгі ұйымға орын алуда қызығушылығы болмағанда. 

Келешекте бірнеше аймақтарда кезекке тұруға шектеу қою жоспарлануда. Яғни егер сіз басқа қалада тұрсаңыз, сіз Астанада кезекке тұра алмайсыз. Басқа қалада кезектен шығып, содан кейін ғана Астанада кезекке тұра аласыз.