БАЛАБАҚШАЛАРДАҒЫ КЕЗЕК РЕТІНІҢ ӨЗГЕРУІ БОЙЫНША АҚПАРАТ

13.04.2018

Құрметті ата-аналар!

Балабақшалар бойынша кезектегі өзгерістердің жағдайы бойынша ақпарат.

БІРІНШІ

E.astana.kz сайтында балабақшаларда орындарды есепке алу мен бөлудің жаңа стандартына сәйкес жаңарту жұмыстары жүргізілді.

Осыдан алдын барлық өтініш берушілердің барлығы, оның ішінде жеңілдік санаты бар өтініш иелері де бір кезекте тұрған. Дегенмен, жеңілдік санаты бар азматтардың өтініштері тиісті категория бойынша жүйеде көрсетілмеген болатын, өйткені олардың өтініштері жазбаша түрде қабылданды.

Жүйені жаңартып болғаннан кейін, дерекқордағы «жеңілдік» мәртебесі бар барлық үміткерлерге жалпы кезекке әсер ететін артықшылықты санат берілді.

САЙТ ЖҰМЫСЫ БҮГІН САҒАТ 18.00-ГЕ ДЕЙІН ЖАҢАРТЫЛЫП БІТЕДІ ДЕ, БАРЛЫҒЫ ӨЗ ОРНЫНА ҚАЙТА КЕЛЕТІН БОЛАДЫ.

Естеріңізге сала кетейік, кезектік нөмір өзгеріп отырады, бұл жеңілдік санаттағы үміткерлерді кезекке қою немесе кезектен шығаруға байланысты.

Өз кезегінде, жолдама бірінші болып кезектен тыс жолдама алатындарға (әскери қызметшілер балалары) беріледі.  Ал бірінші кезектегілер (мүгедек балалар, ата- ана қарауынсыз қалғандар, жетімдер, көп балалы отбасының балалары, ерекше күтім мен білімді қажет етендер) жолдаманы «үштен бір» қағидасы бойынша алады. (жеңіл категориядағы өтініш беруші және жалпы негіздегі үш өтініш беруші).

ЕКІНШІ

Жаңа ережеге сәйкес, күн сайын сағат 18.00 e.astana.kz сайтына балабақшалар тарапынан жас топтары үшін қол жетімді орын саны бар бюллетень жіберілетін болады. Әрі қарай жүйе таңертеңгі сағат 7.00-ден бастап кезектегі алғашқы өтініш берушілерге (кезек бойынша) 3 жұмыс күні бойынша басымдық уақыт статусын ашып, хабарлама жібереді. 3 жұмыс күнінен соң осы орындар кезекті нөмірге қарамастан барлық үміткерлерге қол жетімді болады.

ҮШІНШІ

Жүйе бойынша күнделікті жолдама беріледі, алайда дәстүрлі көктемгі топтау ағымдағы жылдың 14 мамырында басталады.

Халықпен кең ауқымды түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында 14 сәуір күні келесі 5 мекемеде сағат 9.00 мен 13.00 аралығында ашық есік күндері өткізіледі.

- М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы
- Оқушылар сарайы (Момышұлы 5)
- №61 мектеп (Конституция көшесі 33)
- №66 мектеп (Қонаев көшесі 33/1)
- №71 мектеп (Жагалау-3).