Астанада орта білім беретін үздік ұйым үшін грант бөлінеді

14.03.2018

2018 жылдың 13 сәуірінде Астанада «Орта білім беретін үздік ұйым» грантына ие болу үшін қалалық конкурстың І кезеңі өткізіледі. 

Астана қалалық білім басқармасының мәліметі бойынша, байқауға қатысу үшін конкурстық комиссияның қарауына өтініштер мен «Гранттар конкурсы» деген белгі қойылған конвертте «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібі мен оның өлшемдері белгіленген талаптарға сәйкес (bilim.astana.kz сайтында) тиісті материалдарды Білім басқармасының кеңсесіне осы жылдың 12 мен 31 наурыз аралығына дейін жолдау қажет (Бейбітшілік көшесі 11, 113 кабинет).