Біз адал ұрпақпыз!

24.02.2018

Қазіргі таңда рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беруге бағытталған шараларды іске асыру, саяси-құқықтық білімді қалыптастыру – заман талабы.

Осы орайда, оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін, этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру мақсатында 23 ақпан күні Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектебінде  «Біз адал ұрпақпыз!» атты тірі картинаға құрылған флэшмоб үлгісіндегі қалалық  іс-шара өткізілді.

Шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Астана қаласы бойынша департаменті  басшысының орынбасары Жылқышиева Жазира Жақсылыққызы құрметті қонақ ретінде қатысып, тақырып аясында мазмұнды пікірімен бөлісті. Оқушыларымыз тақырып аясында тірі картинаға құрылған командалық флэшмоб-қойылымдарымен қоса, патриоттық тәрбие бағытындағы әуезді нөмірлерімен де бөлісті.

Тәрбие жұмысы астарында терең тағылым жатқанының тағы бір куәсі болдық. Жүзге жуық оқушы қатысқан бұл шараның бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін маңызы зор