ОҚУЛЫҚТЫ ҚОҒАМДЫҚ БАҒАЛАУ

23.02.2018

«Оқулықты қоғамдық бағалау» порталы оқу әдебиеттерінің сапасы бойынша ата-аналардың және педагогтар қауымының пікірлері мен ұсыныстарын қабылдауға арналған.

Жыл сайын ғылыми және педагогикалық сараптама кезінде барлық оқулықтардың макеттері осы порталда орналастырылады. Қазіргі уақытта 2018-2019 оқу жылы оқу үдерісіне енгізілетін 3, 6, 8 сынып оқулықтары орналастырылған.

Әрбір мүдделі тұлға оқулықтарға қатысты өзінің пікірі (ескертулерін) мен ұсыныстарын қалдыра алады. Келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар оқулық мазмұнын өңдеу кезінде есепке алу (түзету) үшін баспаларға жіберіледі.

http://www.okulyk-edu.kz/show/list/ocenka-book