Бүлдіршіндер Оңтүстік Кореядағы қысқы Олимпиада ойындарына қатысып жатқан отандық спортшыларға қолдау көрсетті

16.02.2018

№8 «Думан» балабақшасы № 30 мектеп-гимназиясының әкімшілігі және дене шынықтыру нұсқаушыларымен бірлесіп, "Әкем, анам және мен!» атты спорттық жарысын ұйымдастырды.

Жарыста ата-аналар мен балалар өте белсенді қатыса отырып, өздерінің салауатты өмір салтын қолдайтынын жоғары деңгейде көрсетті. Ал ең үздік топтар жүлделі орын алғаны үшін марапатталды.

№8 «Думан» балабақшасының «Балдаурен» мектепке даярлық тобының ата-аналары, осы ұжымның меңгерушісі Зайтуна Ризадинқызы Дюйсембинаға және дене шынықтыру нұсқаушысы Е.И. Елеубаевқа шын жүректен алғыс білдіреді.