Елордалық мектептерде «Адал ұрпақ-Мәңгілік елдің болашағы» ақпарат сабағы өткізілді.

16.02.2018

16 ақпан күні №66 мектеп-лицейі негізінде интерактивті түрде өткен сабаққа 1500 астам «Адал ұрпақ» ерікті клубының мүшелері тікелей эфирде қосылып, жемқорлықтың алдын алу шаралары жайында сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты.
Іс-шара «Астана – адалдық алаңы» жоба кеңсесінің жетекшісі Жазира Жылқышиеваның және Астана қаласы Білім басқармасы өкілдерінің қатысуымен өтті.