Сынып сағаттары аясында балаларға жаппай адам жиналған жерлерде қолданылатын іс-әрекеттер мен қауіпсіздік шаралары туралы баяндалады

8.02.2018

Бүгін елордалық № 72 мектеп-гимназиясында «Топ ішіндегі іс-әрекет...» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер мен колледждің кураторларына арналған ашық сабақ ұймдастырылды.

Білім мекмелерінің оқушылар қауымдастығының өкілдерімен қатысқан іс-шарада үш тілде келеңсіз жағдай кезіндегі іс-әрекеттер алгоритмі ұсынылып, әдістемелік нұсқаулықтар берілді. Сонымен қатар балалар Қазақстанда немесе шетелде жүргенде, төтенше жағдайларда тиісті әрекетер, дұрыс бағдарлану және қылмыстарды тергеуге байланысты тиісті жағдай жасау туралы айтылды.

Бұл жұмыс барлық мектептер мен колледждерде жүргізіліп, осылайша оқушылардың қала бойынша барлық контингентін қамтитын болады.

Еске салатын болсақ, Астана қаласы Білім басқармасы тарапынан басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-шаралар жоспары аясында жыл бойы оқушылар, ата-аналар және білім мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері үшін жүйелі түрде оқытуды ұйымдастыру жоспарланған.