Құрметті ата-аналар! Бүгін, 17 қаңтар күні сабақтар тоқтатылмай уақытымен жүретін болады.

Астана қаласы әкімінің балаларға сыйлаған Жаңа жылдық жайдарлығы

25.12.2017

Бүгін елордалық балаларға Оқушылар сарайында Астана қаласа әкімі Әсет Исекешевтің атынан Жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды.  

Мерекеге қалалық мектептердің оқу озаттары, жетім балалар, аз қамтылған отбасылардың балалары мен ерекше қажеттілігі бар 300-ден астам бүлдіршіндері шақырылды.

Думанды шараның негізгі идеясы - Елордамыз Астана қаласының 20-жылдық мерейтойы, жалпы тарихы мен жетістіктері.

Музыкалық қойылым ретінде ұсынылған шарада балалар ертегі кейіпкерлермен бірге танысып, би биледі. Ал қалалық қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиенушілері іс-шараның сәнін келтіріп, қонақтарға мерекелік ерекше көңіл күй сыйлады. 

  • Бүгін елордалық балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтай отырып, олардың бүгінгі таңдағы жетістіктерін атап өткім келеді. Барлық балалардың өмірі қуанышқа толы болып, бақытты ғұмыр кешуіне тілектеспін! - деп Астаналық Білім басқармасының басшысы Ануар Жангозин тілегін білдірді.

Мерекелік бағдарлама шеңберінде жаңажылдық сыйлықтар мен тәттілер таратылды. Мереке жалғасын «ЭКСПО-2017» көрмесі аумағында орналасқан «Нұр Әлем» сферасындағы экскурсиямен жалғасты.