Құрметті ата-аналар! Бүгін, 17 қаңтар күні сабақтар тоқтатылмай уақытымен жүретін болады.

Астанадағы медицина-техникалық колледжінде ашық есік күні өтті

23.11.2017

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сыныптары арасында іс-шара ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты – болашақ кәсіби мамандар даярлауда ұлтжанды, елінің келешегін ойлайтын, жастарға мамандықты жүрек қалауымен таңдауға бағыт-бағдар бере білу, олардың кейін өкінбейтіндей бүкіл болмысымен кәсіби маман ретінде халқына адал қызмет көрсетуіне жол сілтеу.

Кездесуге барысында балалар студенттерінің өмірімен танысып, еңбек ететін ақ халатты абзал жандардың жан жылуымен, жүрекжарды мейірім шуақтарын сезіне білді.

Медицина-техникалық колледжі 2010 жылы ашылған. Бүгінде оқу орны 9-11 сыныптарға тіс емдеу, оптика, дәрі-дәрмек, тіс протездерін жасау мамандықтары бойынша оқытуды ұсынып отыр.

Шараны Астана қалалық білім басқармасы мен «Интерстом» стоматологиялық емханасы ұйымдастырды. «Интерстом» стоматологиялық клиникасы өздерінен емделуге ұсыныс жасап отыр. Ашық есік күніне қатысқан 9-11 сынып оқушылары тіс тазалаудан, ауыз қуыстары ауруларынан емделуге кеңес беретін 100-ге жуық тегін сертификаттар алды. Сонымен қатар, оқушылар адамға өмір сыйлау, тән жарасы мен жан жарасын емдеудің қаншалықты биік, құрметті іс екенін көрнекі медициналық құралдармен, тәжірибелік жұмыстар арқылы тамашалап қайтты.