Сауда-экономикалық колледжде оқу барысына қажетті зертханалар ашылды

9.11.2017

Іс-шара барысында «Маркетинг» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтарына арналған «Азық-түлік тауарларының сатушысы», «Бақылаушы-кассир», «Аспазшы» және «Кондитер» жұмысшы біліктіліктерін беретін оқу-практикалық зертханасының ашылу салтанаты және Астана қаласындағы Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжінде «Екі деңгейлі кәсіби білім беру және бизнес – білікті маман даярлаудың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті.
Аталмыш колледжге «Рухани жаңғыру» бағдарламасынның аясында әлеуметтік серіктестер 5 млн. теңгеден астам қаржылай қайтарымсыз инвестиция құйған, ал білім ордасы осы бөлінген қаржыға зертханалар ашып отыр.
Практикалық сабақтар 9-сыныптар үшін екінші курста, ал 11 сыныптар үшін бірінші курс барысында өткізілетін болады.

                                    

 

Дерек көзі: http://astana.gov.kz