Құрметті ата-аналар! Бүгін, 17 қаңтар күні сабақтар тоқтатылмай уақытымен жүретін болады.

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

6.11.2017

Білім және ғылым саласында халықаралық байланысты дамыту Астана қаласының «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК қызметінің басымды стратегияларының бірі болып табылады. Колледждің Санкт-Петербург темір жол көлігі техникумы және Император I Александр Петербург Мемлекеттік жол қатынастары Университетімен кәсіптік білім беру аясында қызметтестік туралы келісімшарттары мен меморандумдары бар.

Келісімшартының негізгі мақсаты – ғылыми техниканы дамыту саласында оқу орындары арасында серіктестік қарым - қатынас орнату, кадрларды даярлаудағы қарым-қатынас, қашықтықтан оқытуды және академиялық ұтқырлық аясында қызметкерлер мен студенттер үшін тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру.

2017 жылғы 1қазаннан 1 қараша айы аралығында Санкт-Петербург темір жол көлігі техникумында "Зертханалық-жаттығу кешендерін қолдану арқылы СПбТЖТ оқу үрдісін ұйымдастыру" тақырыбы бойынша тәжірибе алмасу үшін тағылымдамадан өту шарасы ұйымдастырылды.

Тағылымдамадан арнайы пәндер оқытушысы Е.Б.Тарасова және "Тасымалдауды ұйымдастыру және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару" мамандығының студенттері Рей Сергей, Каусбаева Динара және "Темір жолдың жылжымалы құрамын жөндеу және техникалық қызмет көрсету" мамандығының студенттері Пулат Бауыржан мен Жигула Артем қатысты.

Тағылымдама бағдарламасы Император I Александр Петербург Мемлекеттік жол қатынастары Университетінің ректоры А.Ю.Панычевпен келісілді.

Ол жаңа құрал-жабдықтармен танысу, тәжірибе алмасуда сәттілік тілей отырып, қаланың тарихы мен әсемдігімен танысуға шақырды.

Студенттер өз мамандықтары бойынша сабақтарға қатысып, дәрістер тыңдады, зертханалық және практикалық жұмыстар орындады, сынып сағаттарында баяндамалар оқыды.

"Тасымалдауды ұйымдастыру және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару" мамандығының студенттері оқу кезінде- станция бойынша кезекшінің/поезд диспетчерінің имитациялық жаттығуымен танысты.

"Темір жолдардың жылжымалы құрамын жөндеу және техникалық қызмет көрсету" мамандығының студенттері - "Темір жолдарды техникалық пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі" бойынша мультимедиялық компьютерлік оқыту бағдарламасы мен ЭД4М электрлі тренажерімен танысты.

Техникумда тағылымдама аясында "Халықаралық көлік жолдары арасындағы- Ресей темір жолдары" атты халықаралық конференция өтті. Оған біздің студенттер белсенді қатысып, бейнематериалдар мен баяндамалар жасады, сертификаттармен марапатталды.

Біздің делегация үшін қызықты мәдени бағдарлама ұйымдастырылды: Петропавл бекінісі, Эрмитаж, Исаакиевский собор, Сарай алаңы, Қаннан құтқару храмы", Петергоф, Патша селосы – Мемлекеттік қорық-мұражайы, Орыс мұражайы, Санкт-Петербург Собор мешіті, Темір жол көлігі мұражайы, Жол қатынастары университеті, Ажыратылмалы көпірлер. Бірде-бір күн бекер өтпеді.

Соңғы күні біздің студенттерге техникумның директоры Шехтман Евгений Иосифович жылы лебізін білдіре отырып, сертификаттар табыс етті.

Барлық қатысушылар тағылымдама бағдарламасының басты аспектісі- екі ел арасындағы тәжірибе алмасу, тек білім алуға ғана емес, кәсіби тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретінін айтты.

Бағдарламаға қатысқан студенттер ТМД жетекші көлік жоғарғы оқу орны - Император I Александр Петербург Мемлекеттік жол қатынастары Университетінде жоғары білім алуды жоспалауда.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру болашақ мамандық үшін қажетті білімді қысқа мерзімде алуға және болашаққа бағдар жасауға бағыт береді.